Linux жүйесінде жұмыс істейтін құрылғыны қосылым шлюзі арқылы Басқару серверіне қосу

Қосылым шлюзі клиент құрылғыларын демилитаризияланған аймақтан (DMZ) Басқару серверіне қосуға мүмкіндік береді. Windows және Linux негізіндегі құрылғылар қосылым шлюзі ретінде әрекет ете алады. Қосылым шлюзін қосқаннан және конфигурациялағаннан кейін, Linux басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыны Басқару серверіне қосу үшін осы шлюзді пайдалана аласыз. Төменде сипатталған процедураны тек негізгі орнату сценарийі аяқталғаннан кейін ғана орындаңыз.

Linux жүйесінде жұмыс істейтін құрылғыны қосылым шлюзі арқылы Басқару серверіне қосу үшін осы құрылғыда келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Желілік агентті жүктеп алыңыз да, Linux құрылғысына орнатыңыз.
  2. Пәрмен жолында келесі пәрменді орындау арқылы Желілік агенттің орнатудан кейінгі скриптін іске қосыңыз:

    $ sudo /opt/kaspersky/klnagent64/lib/bin/setup/postinstall.pl

  3. Желілік агент режимін сұрайтын қадамда Серверге байланыс шлюзі арқылы қосылу параметрін таңдап, қосылым шлюзінің мекенжайын енгізіңіз.
  4. Пәрмен жолындағы келесі пәрмен арқылы Kaspersky Security Center бағдарламасы мен қосылым шлюзі арасындағы байланысты тексеріңіз:

    $ sudo /opt/kaspersky/klnagent64/bin/klnagchk

    Шығыс деректерінде қосылым шлюзінің мекенжайы көрсетіледі.

Linux жүйесінде жұмыс істейтін құрылғыны қосылым шлюзі арқылы Басқару серверіне қосу аяқталды. Бұл құрылғыны сіз жаңартуларды тарату, бағдарламаларды қашықтан орнату және желілік құрылғылар туралы ақпарат алу үшін пайдалана аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Автономды құрылғыларды қосылым шлюзі арқылы қосу

Басына оралу